RU
Отандық ғалымдар ағылшын тілін қалай үйренеді?

Отандық ғалымдар ағылшын тілін қалай үйренеді?

Рассказать Вконтакте

Қазіргі уақытта отандық ғалымдар шетелдік әдебиеттерді оқығанымен, тіл білмеуінің салдарынан көп жаңашылдықтан бейхабар болуы мүмкін. Ал шет тілін білу тек қана ой-өрісті арттырып қана қоймай, мансаптық жолда өсу үшін де қажет. Ендеше, қазақстандық зерттеушілер ағылшын тілін қалай үйренеді? Бұл сұраққа toppress.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Қазіргі уақытта отандық ғалымдарға шет тілін меңгеруге бір жарым жыл толығымен жеткілікте деуге болады. Бұл туралы "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының 3 компонентінің аға менеджері Алан Өтеғұлов айтты.

Оның сөзінше, ғалымдар мен ұстаздар онлайн-платформа арқылы аптасына жеті күн, 24 сағат бойы тіл оқу нәтижесінде қазір университеттерде ағылшын тілінде сөйлесе бастаған. Сонымен қатар, олар жұмысқа қажетті сөздерді сөздік арқылы жаттауға мүмкіндік алған.

Алайда, алдағы уақытта ағылшын тілінде сөйлейтін мамандардың шет елге көптеп кетуі мәселесі туындауы мүмкін. Бірақ, жоба талабы бойынша білім алушы ғалым міндетті түрде үш жыл университетте жұмыс істеуі тиіс.

Яғни, мақсаты айқын кез келген ғалым бір жарым жылдың ішінде-ақ шет тілінде еркін сөйлей алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel