Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінен зәбір көргенін жайып салған әнші полицияға арыз жазды

Опубликовано:

Алматы полициясы Ксения Ашигалиеваның арызы бойынша іс қозғады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы - бас бостандығынан заңсыз айыру бойынша тергеліп жатыр деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/NeMolchiKZ
Фото: facebook.com/NeMolchiKZ: Facebook

Тергеу бөлімі қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 126-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған. Анықталғандай, іс СДТБТ-ға тіркелді. Қазір Ашигалиеваның арызында көрсетілген адамдар полицияға куәлік беріп жатыр. Оған қоса, кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп, сот-медициналық және басқа да сараптамалар тағайындалды.

Тергеу Алматы қаласы полиция департаменті басшысының бақылауына алынған.

Естеріңізге салсақ, Ксения Ашигалиева бұған дейін оны өз күйеуі ұрлап, өлтірмек болды деп мәлімдеме жасаған болатын. Бұл туралы жазба "НеМолчи.kz" қорының Facebook парақшасында жария болған еді.

Артынша, әншінің күйеуі Бауыржан Ашигалиев әйелін ұрмағанын, асфальтқа құлап, өз-өзін зақымдағанын айтқан болатын. Оның үстіне ол өзін жағдайдың құрбаны деп атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808323-kjeuinen-zbir-krgenin-zajyp-salgan-nsi-policiaga-aryz-zazdy/

pixel