RU
"Әр нәрсенің соңы болады": Әбдірахымов шымкенттіктермен қоштасты

"Әр нәрсенің соңы болады": Әбдірахымов шымкенттіктермен қоштасты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылған Ғабидолла Әбдірахымов қала тұрғындарымен қоштасты. Үшінші мегаполистің бұрынғы әкімі желіде жүрекжарды жазба жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерге өз алғысын айтып, қала әкімі болған кезінде өзін бақытты сезініп жүргенін жасырмады. Бұрынғы әкім Instagram парақшасында жазба қалдырып, жаңадан келген басшыға сәттілік тіледі.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Қымбатты достар! Мен үшін Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істегенім үлкен мәртебе және мақтаныш. Осындай мүмкіншілік берген Елбасымызға, Президентімізге алғысымды білдіремін. Қолдан келгенше қаланың дамуына әріптестерімен атсалыстым.
Мен Шымкент халқына өте ризамын! Сіздер әрқашан мені қолдадыңыздар. Өзімді өте бақытты адам ретінде сезініп жүрдім. Әр нәрсенің соңы болады бул өмірде. Жаңалықтар да болады. Жаңадан келген қала басшысына сәттілік тілеймін. Барлықтарыңызға үлкен алғыс айтып, басымды иемін! Аман болыңыздар! Шымкент жайнай берсін! Рахмет саған Шымкентім" , - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз
14
3
2
50
0
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel