RU
Қытайда жас жігіттің өлім жазасына жазықсыз кесілгені белгілі болды

Қытайда жас жігіттің өлім жазасына жазықсыз кесілгені белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қытайда Хух-Хото қаласы сотының шешімімен бірнеше адамды өлтірген қылмыскерге өлім жазасы тағайындалды. Ал бұған дейін осы қылмыс үшін жазықсыз жігіт өлім жазасына кесілген болатын деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жергілікті сот 2015 жылы ақпан айында бірнеше адамды өлтірген Чжао Чжихунды өлім жазасына кескен, бірақ үкім енді орындалуда.

1996 жылы осы қылмыс үшін бұған дейін 18 жастағы жазықсыз жігіт ең ауыр жазаға тартылған.

Сотталушы өлім жазасы орындалардың алдында туыстарымен кездесуден бас тартты.  

2005 жылы Чжао Чжихун қарақшылық жасап, әйел зорлағаны және бірнеше адамды өлтіргені анықталды, ол сондай-ақ 1996 жылы Хух-Хото қаласының қоғамдық дәретханасында жасалған қылмысты да мойнына алды.

Дәретханадан табылған мәйітті бірінші болып көріп, оны полицияға мәлімдеген жас жігіт соттың қателігінен осы қылмыс үшін өлім жазасына тартылған.

Қытай билігі жас жігіттің сотқа келген ата-анасынан кешірім сұрап, 330 мың доллар көлемінде өтем төледі.

Соттың үкіміне сәйкес, 1996 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың шілдесіне дейін Чжао Чжихун алты адамды өлтіріп, он адамды зорлаған, сондай-ақ бірқатар ауыр қылмыс жасаған.

Сот Чжао Чжихунді өлім жазасына кесіп қана қоймай, 53 мың юань айыппұл салды және зардап шеккендерге 102 мың юань төлеуге міндеттеді.  

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel