RU
ҚТЖ бас инженері пойызда қыз зорлаған жолсеріктерге қатысты пікір білдірді

ҚТЖ бас инженері пойызда қыз зорлаған жолсеріктерге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

"Тұлпар-Тальго" пойызының жолаушысын зорлады деп айыпталған жолсеріктерге үкім шыққан соң қоғам өкілдері сот шешіміне наразылық білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"ҚТЖ"ҰК" АҚ басқарушы директоры - бас инженері Батыр Котырев атышулы оқиғаға түсініктеме берді.

"Орыстарда "Отбасы ұсқынсыз адамсыз болмайды" деген мақал бар ғой, әрине, бұл өте дөрекі, бірақ өте орынды", - деДІ бұрынғы жолсеріктерге қатысты пікір білдірген Қотырев.

Ол сотталғандар адамдардың арасында болмауы керек деп санайды.

Бас инженердің айтуынша, пойыздарда жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылады. Мұндай жағдайлардың алдын алуға көмектесетін тағы бір әдіс - әйелдер үшін бөлек вагон жасау болуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, KAZ.NUR.KZ редакциясы Қостанайда жолсеріктерге қатысты тағылған айыптар дәлелденіп, 2,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққанын жазған еді.

Соттың бұл шешімі қоғамның наразылығын тудырып, прокуратурада қазір сот үкімі заңдылық пен негізділік тұрғысынан зерделеніп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel