Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сағынатын боламыз": Шымкенттің экс-әкімі туралы видео жұрттың жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Желіде Шымкенттің әкімі қызметінен кеткен Ғабидолла Әбдірахымов туралы жантебірентерлік видео тарап кетті. Қазақстандықтар, тіпті, шаһардың бұрынғы басшысының құрметіне арнайы ән шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ғаламтор кеңістігіне тарап кеткен бейнежазбада Әбдірахымовтың есте қаларлық сәттері мен әкім болған кезіндегі жұмыс барысы көрініс тапты. Оған қоса, бейнероликте Шымкенттің бұрынғы басшысына арналған ән ойнайды.

Экс-әкімге алғыс білдірген әсерлі видео желі қолданушылардың жүрегін елжіретіп, жанын тебірентті. Instagram желісінде кең таралған бейнежазба халықтың ыстық ықыласына тиген. Көпшілік оны өз парақшасына жүктеп, өз оқырмандарымен бөлісіп жатты.

"Сізге Шымкент пен оның халқы үшін істеген жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Өзіңіз бен туыстарыңызға денсаулық тілейміз. Шымкент сізді сағынатын болады",- деп жазды желі қолданушысының бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808403-sagynatyn-bolamyz-symkentti-eks-kimi-turaly-video-zrtty-zregin-elziretti/

pixel