RU
"Сабақ болмақ": Саясаттанушы Әбдірахымовтың отставкасы туралы айтты

"Сабақ болмақ": Саясаттанушы Әбдірахымовтың отставкасы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

30 шілде күні Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент әкімі қызметінен кетіп, оның орнын Ерлан Айтаханов басқаны белгілі болды. Президент әкімшілігі бұрынғы басшы өзіне артылған саяси сенімді жоғалтып алғанын айтып түсіндірді. Бұл тұрғыда танымал отандық саясаттанушы "зың әкімнің" жіберген ағаттығын айтып, басқа шенеуніктерге енді неге назар аудару керектігі жөнінде өз болжамын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұсқалардың біріне сәйкес, Әбдірахымовтың жұмыстан босатылуына Лондонда түсірген видеосы себеп болса керек. Онда ол Қазақстанда тұрып жұмыс істеп, әлемге саяхаттауға шақырған болатын.

Әкімнің бұл әрекеті көпшіліктің ашуына тигені соншалық, олар қала басшысының қызметінен кетуін талап еткен. Бұл жөніндегі шешім де өзін ұзақ күттірмеді.

Танымал отандық саясаттанушы үшінші мегаполис басшысының отставкасы жөнінде өз пікірін білдірген. Ерлан Саиров бұл жағдайға қатысты ойын өзінің Facebook парақшасында жеткізген.

"Республикалық маңызы қалалар мен облыс басшылары әлі де болса ерекше тұлғалар болып саналуы мүмкін. Олар кейде өңір бюджетін өздігінен құрып, аймаққа сеніп тапсырылған жобалар мен өзге адамдардың тағдырын шешеді. Тоқаев дұрыс айтады. Олар жергілікті "билер" болған. Кейде олардың жауапкершілігі міндеттеріне сай келмеген кездер де болды. Қызметтік міндеттері жауапкершіліктен де көп болды. Кейбірі тағдыр мен "ағашкалардың еркесі" болды" , - деп жазды маман.

Оның айтуынша, биліктегілер соған қарамастан атқарушы биліктің жергілікті органдарына бағытталған.

"Дегенмен, билік облыстағы барлық мәселелер бойынша әкімдердің пікіріне сүйенген. Олар бұл жүйенің тірегі іспетті. Олардың басым көпшілігінің жарамдылық мерзімі баяғыда өтіп кеткен. Кейбірі моральдік тұрғыдан қартайса да, билік жүргізіп отыр. Жаңа билік өкілдері бұл бағытта әлі "капиталды жөндеу жұмыстарын" жасамады. Заман өзгеруде.
Әбдірахымовты Шымкент әкімі қызметінен алып тастау жөніндегі жедел шешім өзге әкімдерге сабақ болмақ. Бұл өз алдына таптырмас адамдардың жоқтығына белгі болса керек. Берік жеке қарым-қатынас енді ештеңе шешпейді. Жақтаушылық жүйесі енді істен шықты. Қол сұғылмаушылық берілгендер енді жоқ. Оған қоса, бұл қадам қоғам үшін биліктің азаматтарды естіп жатқаны жөнінде белгі болмақ", - деді Саиров.

Саясаттанушының пікірінше, барлық деңгейдегі әкімдер анағұрлым қарапайым әрі салмақты болу керек.

"Бай-бағландар қылықтары мен жершілдік абсолютизмнен аулақ болу керек. Билік өкілдері қарапайым ғана емес, аса білікті әрі мәдениетті болуы қажет. Енді әрбір әкім билік пен қоғамның жіті бақылауында болмақ. Тоқаев қоғаммен қарым-қатынастың жаңа моделі мен жаңа прадигмасын құрып жатыр. Халықтан келіп түскен барлық белгілер зерттеліп, назарға алына шешіліп жатыр" , - деді ол.

Айта кетейік, күні кеше қызметінен кеткен Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктермен қоштасып, өзіне қолдау білдірген халыққа алғысын айтты.

Сіздің реакцияңыз
4
0
1
9
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel