RU
"Тұлпар-Тальгода" зорланған әйелдің өкілі аппеляциялық шағым түсіретінін айтты

"Тұлпар-Тальгода" зорланған әйелдің өкілі аппеляциялық шағым түсіретінін айтты

Рассказать Вконтакте

Қостанайда "Тұлпар-Тальго" пойызында зорланған жолаушының ісіне қатысты үкім шықты. Қылмысқа кінәлі деп танылған жолсеріктер 2,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Осыған байланысты, жәбірленушінің өкілі аппеляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Республикалық-қоғамдық "Не молчи.KZ" қозғалысының көшбасшысы әрі жәбірленушінің сенімді өкілі Дина Смаилова сотталушыларға шыққан шешіммен келіспейтінін айтты.

Соттың аса жеңіл жазасы ҚР Президентінің атына, Бас прокурордың атына, сондай-ақ парламенттің атына жазылған жалпы қазақстандық петицияның жасалуына себеп болды.

Қоғам белсендісі бұл петицияда зорлық-зомбылық әрекеттері үшін айыпталған адамдарға қатысты заңнаманы қатаңдатуды талап етті.

Смаилованың сөзінше, олар аталған баптың ауыр қылмыстар бөліміне ауыстырылуын талап етеді. Тағы бір талап - осы бап бойынша қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы мәліметтердің жариялануы болды.

Белсенді ел тұрғындары зорлық әрекеті үшін қамалғандардың аты-жөндерін білуге құқылы екенін айтты.

Дина Смаилова шығарылған үкімді әділетсіз деп есептейді.

"Біз сөзсіз аппеляциялық шағым түсіреміз", - деді Смаилова.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel