RU
Әйгілі Роналдудың бесінші мәрте әке атанатыны рас па?

Әйгілі Роналдудың бесінші мәрте әке атанатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Криштиану Роналду жақын арада бесінші мәрте әке атануы мүмкін. Көпшілік әйгілі футболшының сүйіктісі жүкті деген болжам жасауда деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Футболшының отбасы тағы бір сәбимен толығатыны жайлы қауесетке Джорджина Родригестің ел алдына шығуы негіз болған. Роналдумен бірге марапаттау салтанатына бірге келген 24 жастағы бикеш көпшілік назарын өзіне аударды.

Аяқдопшының жанкүйерлері сүйіктісін кезекті жүлдесімен құттықтаған мінсіз мүсінді арудың іші шығып қалғанын байқап қалған. Олар дене сымбатын аса жіті қадағалап жүретін Джорджина үшін мұндай өзгеріс мүлде жат екенін алға тартып, Роналдудың ғашығы тағы да жүкті деп болжады.

Алайда, танымал жұптың ресми өкілдері бұл жаңалыққа қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Роналду бесінші мәрте әке атанғалы жатқанын әзірге не растамады, не жоққа шығармады.

Айта кетейік, Роналду мен Джорджинаның ортақ қызы Алана-Мартина бар. Оған қоса, олар футболшының суррогат анадан туған үш баласын тәрбиелеп отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel