Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Селфи жасап жатқан: Суға кеткен екі қызын құтқарған әке өзі өзенге батып кетті

Опубликовано:

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында жантүршігерлік оқиға болды. Ер азамат суға кеткен екі қызын құтқарып, өзі өзенге батып кетті деп хабарлайды Қазақпарат.

Көрнекі сурет: pixabay
Көрнекі сурет: pixabay: Depositphotos
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл өзенінің жағасында демалып жүрген отбасының 14 және 16 жастағы екі қызы 9 жастағы туысымен сельфи түсірмек болған.

Сол уақытта қуатты толқын оларды ағызып алып кетіпті.

Ведомство қыздардың 45 жастағы әкесі суға секіріп, балаларын құтқарғанын жеткізді. Алайда өзі өзеннің толқынынан шыға алмай, батып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808437-selfi-zasap-zatkan-suga-ketken-eki-kyzyn-ktkargan-ke-zi-zenge-batyp-ketti/

pixel