RU
Браконьерлерден таяқ жеген кәсіпкер Бақауовпен туыстық байланысы туралы айтты

Браконьерлерден таяқ жеген кәсіпкер Бақауовпен туыстық байланысы туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Соққыға жығылған Маралды көлінің инвесторы Дәулет Асылов Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен туыстық байланысы туралы қауесеттерге түсінік берді. Кәсіпкер бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фото: pavlodarnews.kz

Фото: pavlodarnews.kz

Кәсіпкердің сөзінше, ол 2016 жылы өз қаржысын Маралдыны дамытуға және шаян тәріздес Артемияны тұқымдастыруға жұмсаған. Кейіннен, шипажай аймағында аретмияны аулағаны үшін төлем жасағысы келмейтіндер пайда болған. Өйткені, бұрын тұрғындар шаян тәріздестерді емін-еркін алған көрінеді.

Асыловтың айтуынша, браконьерлерді ашкөздік басқарады.

"Тез және қылмыстық жолмен пайда табу, мені ұрғандарды алаңдататыны осы. Мысалы, табиғатқа аялап қарау, салық төлеу сияқты ойлар олардың басына кіріп шықпайды", - деді ол.

Кәсіпкердің айтуынша, облыс әкімімен туыстық байланыс жөніндегі қауесетті де осы адамдар таратып отыр. Бірі туысқаны десе, енді бірі баласы деп жүр екен.

"Мен онымен қатарлас бола тұрып, қалайша оның баласы бола аламын - түсінбеймін", - деді кәсіпкер Асылов.

Айта кетейік, 27 шілде күні Шарбақты ауданының тұрғындары жиналысында Маралды өзенінің инвесторы соққыға жығылған болатын.

Осыдан кейін 40 жастағы ер адам полцияға өзіне бірнеше адам шабуыл жасағанын айтып, арыз түсірген. Тергеушілер "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғап, екі күдіктіні ұстаған.

Оқиға кәсіпкердің артемияларды заңсыз аулауына тыйым салғаны үшін болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel