Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жол бөлісе алмаған қос жүргізушінің жанжалы оқ атумен аяқталды

Опубликовано:

Түркістан облысында екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, нәтижесінде жүргізушінің бірі екіншісіне травматикалық тапаншамен оқ атқан деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com: Facebook

24 шілде күні аудандық ауруханалардың біріне қарудан жарақат алған адам түскен. Медицина қызметкерлері болған оқиға туралы полицияға хабар берген.

Шақыру орнына келген тәртіп сақшылары жарақаттанудың себебі жәбірленуші мен екінші жүргізуші арасында туындаған жанжал екенін анықтады.

Ер адамдар жолды бөлісе алмаған. Сөйтіп, күдікті жүргізуші травматикалық тапаншасын алып, зардап шегушіге атқан. Артынша, оқ атушы оқиға орнынан кетіп қалған.

Құқық қорғау органының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Күдікті "Бұзақылық" бабы бойынша жауапқа тартылмақ.

Оқ атқан ер адамның кім екені анықталып, ұсталған. Ол Ленгер қаласының тұрғыны болып шықты. Ұсталған азаматтан заттай айғақ болатын травматикалық тапанша табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808453-trkistan-oblysynda-zol-blise-almagan-kos-zrgizusini-zanzaly-ok-atumen-aaktaldy/

pixel