RU
"Сот міндеттесе": ҚТЖ зорланған жолаушы қызға өтемақы төлеуге қатысты пікір білдірді

"Сот міндеттесе": ҚТЖ зорланған жолаушы қызға өтемақы төлеуге қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма басшысының орынбасары Қанат Әлмағамбетов зорлықтың құрбаны болған жолаушы аруға ақшалай өтемақы төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото с сайта ada-adv.kz

Фото с сайта ada-adv.kz

"Сот өтті. Бірақ, үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ. Ол өз күшіне енген соң толықтай құқықтық баға берілетін болады. Өтемақы төлеу, тағы да заң бойынша тиісті деп танылған шығындар төленеді" , - деді ҚТЖ өкілі.

Журналистер сот бірнеше миллиондық соманы тағайындаған жағдайда "ҚТЖ өтемақының бұл мөлшеріне қарсы бола ма?" деген сұрақ қойды.

Әлмағамбетов өз кезегінде, алдымен ақырғы сот шешімін күтуді ұсынды.

"Егер сот шешім шығарса - компания төлеп береді" , - деді ол.

Айта кетейік, жақында Қостанайда екі жолсерік пойызда қыз зорлағаны үшін сотталды. Екі ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оған қоса, бұған дейін Әлмағамбетов ҚТЖ атынан болған оқиға үшін кешірім сұраған.

Сіздің реакцияңыз
2
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel