RU
"Қазір ол мүмкін емес": ҚТЖ әйелдер вагонына қатысты жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

"Қазір ол мүмкін емес": ҚТЖ әйелдер вагонына қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

ҚТЖ елімізде әйелдерге арналған жеке вагондарды шығаруды жоспарлап отырмағанын айтты. Себебі бұл өте қымбат. Ұсыныс бұған дейін айтылған. Алайда пойызда әйел адамның зорлану оқиғасынан кейін бұл мәселе қайта көтерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы ҚТЖ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты.

"Әйелдер вагоны - қазір ол мүмкін емес. Бұл өте қымбат. Бір вагонның өзі 1 млн доллар айналасында. Вагондар онсызда жеткіліксіз. Қызмет көрсету сапасына байланысты ең қымбаты"Тальго", - деді ол.

"Жолаушылар тасымалы" индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әйелдер вагондарын енгізу туралы шешім қабылдаса, тасымалдаушы бұны орындауға міндетті болатынын атап өтті.

Алайда бұндай мәселе күн тәртібінде тұрмағанын және қарастырылып жатпағанын айталды.

Еске сала кетейік, таяуда Қостанайда екі жолсерік пойызда әйел адамды зорлады деп айыпталып 2,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бүгін Қанат Әлмағамбетов қоғамда шу тудырған оқиға үшін өз атынан және ҚТЖ атынан кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel