RU
Алматыда көлік орындықта отырған адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда көлік орындықта отырған адамды қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Рассказать Вконтакте

Алматыда Сейфуллин мен Анна Никольская көшелерінің қиылысында төтенше жағдай орын алып, салдарынан бір адам зардап шекті деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, DAWEOO Nexia автокөлігі жоғарғы жылдамдықпен солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Сол кезде жүргізуші белгісіз себептермен көлікті басқара алмай қалған.

Фото: Sputnik / Стрингер

Фото: Sputnik / Стрингер

Көлік қарсы қозғалыс жолағынан өтіп, жиекке кіріп кеткен. Содан кейін жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатып орындықта отырған адамды қағып, нотариустың кіреберісіне соғылған.

Куәгерлердің сөзінше, көліктен үш адам шығып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel