Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішіп отырмын": Қостанайлық балақай жедел-жәрдем қызметін әуре-сарсаңға түсірген

Опубликовано:

Қостанайлық бала жедел-жәрдем қызметін күніне бірнеше рет шақырып, ақ халаттылардың мазасын алған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Балақай жедел-жәрдем мамандарына тіпті алкогольді ішімдік ішкенін айтқан.

"Алло, мен мұнда ішіп отырмын. Адам жіберіңіздерші, әйтпесе ата-анам келіп, мазамды алуы мүмкін. Достарыммен бірге отырмын. Адам жібермесеңіздер, соңы жаман болады", - дейді телефон тұтқсындағы бала.

Мамандар жеткіншектің call-орталыққа үздіксіз хабарласқанын айтуда.

"Бала үздіксіз хабарласты. Ол бірнеше сағат бойы телефон соқты. Оның қоңырауы "103" желісіне түсе береді. Бала орталықтың жұмысына кедергі келтіріп отыр", - дейді Қостанай облысы жедел медициналық қызмет көрсету станциясының бас дәрігері Ирина Штейгервальд.

Сондай-ақ олар қоңырау шалған баланың өміріне де алаңдаулы. Себебі ол сөз арасында "балконнан секіремін" деп те қорқытқан екен.

"Осы уақытта бізге басқа біреу хабарласа алмауы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға жазғы демалыс уақытында балаларға сақ болса екен дейміз.
Бұл жай тентектік емес, оның салдары жаман болуы мүмкін. Балаларыңыздың не істеп жүргеніне назар аударсаңыздар", - дейді Ирина Штейгервальд.

Басылымның мәліметінше мамандар қоңырау шалған баланың кім екенін әлі де анықтай алмай отыр.

Ал облыстық полиция департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне оқиғадан хабардар екендіктерін, баланың кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808495-isip-otyrmyn-kostanajlyk-balakaj-zedel-zrdem-kyzmetin-ure-sarsaga-tsirgen/

pixel