RU
Су жаңа клипіне өзге ұлттың жігітін түсірген Балжан Бидашты жұрт сынға алды (видео)

Су жаңа клипіне өзге ұлттың жігітін түсірген Балжан Бидашты жұрт сынға алды (видео)

Рассказать Вконтакте

Бұрынғы "Кешью" тобының солисі Балжан Бидаш бір күн бұрын тыңдармандарына су жаңа бейнебаянын ұсынды. Жанкүйерлері әншінің жаңа жұмысын бағалауға асықты. Алайда "Жалғызым" әнінің клипін тамашалаған олар жұлдызды сынға алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Күні кеше YouYube арнасына шыққан бейнебаян көрерменнің арасында қызу талқыға түсті.

Жанкүйерлер әнші қыздың ерекше образдарын жоғары бағалағанымен, бейнебаянға өзге ұлттың жігітін түсіргеніне шамданып қалды.

"Неге клипке қазақ жігітін түсірмейсіздер? Әлде еуропалықтар сияқты әдемі емес деп санайсыздарма?, "Не бір қазақтың жігіттері бар ғой, немене енді мынау", "Бір қазақтың жігітін түсірсе не болар екен?", - деп жазды олар.

Сонымен қатар, желі қолданушылары Балжан Бидаштың дауысына тәнті болғанымен, әннің хит болмайтынын жарыса жазды.

"Аз қаралым жинайды, хит болмайды қысқасы", "Бидашка ұнайды. Клип те образ да жаман емес. Бірақ әні түсініксіз", "Мен тек саған арналамын" деген жерін ғана түсіндім", "Ән оңша емес", "Сенен бұдан да мықты дүние күткенмін, бірақ дауысың керемет, сөз жоқ", "Бәрі жақсы басталып, қайырмасы айқайлап кетті", "Қаралым көп жинайтын еді, әннің сөзі түсініксіз", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
21
4
2
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel