Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президенттің кадрлық резервіне кімдер ене алады?

Опубликовано:

Инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік, медицина, экономика, мәдениет және басқа да салаларда айтарлықтай нәтижеге жеткен жас қазақстандықтар президенттік кадрлық резервтің іріктеуінен өтіп, мемлекеттік қызметте жоғары лауазымды иелене алады деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Мұндай іріктеуді қалыптастырудың қажеттігі туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында айтқан болатын.

Іріктеуге жасы 35-тен аспаған қазақстандықтар қатыса алады. Жоғарғы білімі мен бес жылдық жұмыс өтілі болуы міндетті.

Резервке білім деңгейін сынау мен әңгімелесу арқылы ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарас пен мотивацияны бағалаудан тұратын бірнеше кезеңдерден өтіп кіруге болады.

Бұл деңгейлердің бәрін өту үшін үміткерлер эссе жазып, презентация дайындап, сондай-ақ, президент әкімшілігінің сараптау комиссиясының сұқбатынан өтуі міндетті.

Үміткерлердің сауалнаамасын президент жанындағы кадр саясаты жөніндегі Ұлттық комиссия қарайтын болады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін барлық қазақстандықтар онлайн жүйесінде іріктеуге қатысуға өтінім бере алады. Іріктеу 1 қыркүйектен басталады.

Толығырақ ақпаратты Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің сайтынан алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808543-prezidenttik-kadrlyk-rezervke-kimder-ene-alady/

pixel