Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шашын бояған арудың басы үлкейіп, көзі көрмей қалған

Опубликовано:

Стэф О'Делл Амстердам қаласына сіңлісінің 18 жас мерейтойына баруды жоспарлап, алдын ала шашын бояған. Алайда көп ұзамай 24 жастағы арудың беті үш есе ұлғайып, көзі көрмей қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Бойжеткен шаш бояуға арналған бояғыштарда көп кездесетін парафенилендиаминге аллергиясы барын жасөспірім күнінен білген.

Сол себепті ару шашын боямас бұрын, бояғышқа аллергиясының бар-жоғын тексерген.

"Мен шаштаразға аллергиямның барын айтқан едім. Ол бояғыштың табиғи екенін айтып, бас терісіне тимейтінін айтып сендірді. Біз тест жасадық, алайда ешқандай әсер болмады. Сол себепті мен шашымды бояуға дайын болдым", - дейді Стэф.

Фото: thesun.co.uk
Фото: thesun.co.uk: UGC

Екі апта өткеннен кеййін бойжеткен шашын бояп, нәтижесіне көңілі толған еді. Алайда сол күні-ақ Стэфтің мойны қыши бастаған. Анықталғандай арудың мойнына бояғыш жағылып қалған. Алайда бойжеткен ештеңеге қарамастан сіңлісінің туған күніне ұшып барған.

Дегенмен ауруы асқынып, ол әкесінің қалауымен үйіне қайта оралған. Көзі көрмей қалған Стэф әуежайдан бірден ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808556-sasyn-boagan-arudy-basy-lkejip-kzi-krmej-kalgan/

pixel