RU
Ақтөбе лагеріндегі шу: Ата-аналар өз нұсқасын айтты

Ақтөбе лагеріндегі шу: Ата-аналар өз нұсқасын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі лагерьлердің бірінде болған жағдайға қатысты шу әлі басылмай тұр. Балалары айтып берген жантүршігерлік жағдайдан жағаларын ұстаған ата-аналар істі сотқа жеткізуге бел буып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pxhere.com

Көрнекі фото: pxhere.com

Лагерь тәлімгерін ер балаларға азғындық әрекеттер көрсетті деп айыптаған ата-аналар қорғаушы іздеуде. Ата-аналардың сөзінше, балалары жеті түнде жылап хабарласып, олардан көмек сұраған.

"Түн ортасында лагерьге барып баламызды алып кеттік. Тәлімгер азғындық әрекеттер жасап, балаларға қол көтерген. Баламның басы әлі күнге дейін ауырады. Біз балалар демалып жатыр деп жүрміз. Ал олар әр күнін қорқынышпен өткізген. Кеше психологиялық тесттен өткізуге барғанда тәрбиешіні өзіміз де көрдік. Аузы сондай лас бала екен, бізді де балағаттап тастады. Неге ол адамды қамауға алмайды?", - дейді ата-аналардың бірі.

Әйел адамның айтуынша, ол тұңғыш ұлын лагерьге бірінші рет берген. Әкесінің жұмысынан берген жолдамасымен демалуға кеткен баланың әрбір күні үреймен өткен. Бала психологиялық соққы алған.

Даулы оқиға лагерьдің төртінші маусымында, 19 -31 шілде аралығында демалысқа келген балалар арасында болған. 

"Баламның айтып берген жағдайы адам шошырлық. Біз де баламызды түнде алып кеттік. Істі сотқа жеткізу үшін қорғаушыға жүгінетін боламыз. Тәлімгер қазір бостандықта жүр, тест тапсыруға барғанда балаларымыз көріп қорқып кетті", - дейді екінші ата-ана.

Облыстық прокуратура күдікке ілінген тәлімгерге қатысты ҚР ҚК-нің 124-бабымен іс қозғалғандығын растайды.

"25 шілде күні полиция бөлімшесіне қала сыртындағы лагерьлердің бірінде жас тәрбиелеуші балаларға тиіскендігі жөнінде хабар түсті. ҚР ҚК-нің 124 бабымен іс қозғалды", - деп хабарлайды Ақтөбе қаласы Алматы аудандық прокуратурасының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Қазіргі уақытта ата-аналардан түскен шағымға қатыста тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетесек, бұған дейін Ақтөбе лагерлерінің бірінде тәлімгердің балаларға тиісті деген күдікке ілінгені хабарланған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel