RU
Оралда әріптесін өлтірген азамат оны бір ай бойы төсегінің астына жасырған

Оралда әріптесін өлтірген азамат оны бір ай бойы төсегінің астына жасырған

Рассказать Вконтакте

Орал қаласының 58 жастағы тұрғыны әріптесімен бірге ішімдік ішіп, отырыстың соңы төбелеске айналған. Әріптесінің бас сүйегін сындырып жіберген Әділов мәйітті 27 күн бойы кереуеттің астына жасырып қойған деп хабарлайды "Мой городқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:nokta.md

Фото:nokta.md

Ер адамның денесін өзге әріптесі байқап қалып, құзырлы органдарға хабарласқан.

3 наурыз күні кешкі 20:00-де  әріптесі Марат Черниязовпен ішімдік ішкен. Екеуі сөзге келіп қалып, Черниязов Әділовке соққы жасаған. Ол да соққыға жауап береді. Соққының қатты болғаны соншалық, Черниязов есінен танып қалған. Ал Әділов болса, әріптесін ұруын жалғастыра берген.

Алған соққылардан Черниязовтың бас сүйегі сынып кеткен. Ал Әділов мәйітті кереуеттің астына тығып қойып, 27 күн бойы өзі де сол бөлмеде тұрған.

Марқұмның денесін жүргізушілердің бірі тауып алыпты.

Айта кетейік, тергеу кезінде қаза тапқан Черниязовтың Әділовті қайғылы оқиғаға дейін бірнеше мәрте соққыға жыққаны анықталды.

Екі ер адам да отбасынан кетіп қалып, жұмыс орнында тұрған.

Сіздің реакцияңыз
0
2
8
2
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel