Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Хоргос тас жолында көлік жүргізушісі мен жолаушы қайтыс болды

Опубликовано:

Бүгін 31 шілде күні Алматы-Хоргос тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алып, көлік жүргізушісі мен жолаушы қаза тапты деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Zakon.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Zakon.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жол апаты тас жолдан 72 шақырым қашықтықта орын алған.

Audi жүргізушісі шығыс бағытпен келе жатып, бұрылыста көлік рөліне ие бола алмаған.

Көлік жүргізушісі жолдағы қоршауды 20 метрге дейін бұзып кеткен. Қоршаудың темірі көлік салонының ішіне кіріп кеткен.

Көлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы бір жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оны аман алып қалу үшін аяғын кесуге тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808613-almaty-horgos-tas-zolynda-klik-zrgizusisi-men-zolausy-kajtys-boldy/

pixel