Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда күштік құрылымдар ұстаған қылмыстық топтың сегіз мүшесі қамауға алынды

Опубликовано:

Ақтау қаласында жуырда күштік құрылымдар жолын кескен қауіпті қылмыстық топтың сегіз мүшесі қамауға алынды. Олар тергеу жұмыстары аяқталғанша екі ай бойы абақтыда отыратын болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pxhere.com
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Еске сала кетейік ауқымды операция 29-шілде күні Маңғыстау облысында өткізілді.

Телеарнаның мәліметінше, ұсталғандарды тінту кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі Істер министрлігінің қызметкерлері олардан ТТ және Макаров тапаншаларын, револьвер мен оған арналған дауыс тұншықтырғыш, Сайга карабині, 3 травматикалық тапанша, 9 шолақ мылтық, 160-тан аса оқ-дәрі, есірткі, түрлі суық қару және 600 мың теңгеге жуық ақшаға тәркілеген.

Сонымен қатар бас прокуратура қылмыстық топ мүшелерінің кісі өлтіруге оқталу, адам ұрлау, ақша бопсалау, заңсыз есірткі мен қару-жарақ сақтау секілді бірқатар қылмыстық істерге қатысы бар екенін мәлімдеген еді.

Телеарнаның хабарлауынша, қылмыстық топтың мүшелері ұйымшылдығымен және батылдығымен ерекшеленіп тұрған. Күштік құрылымдар қылмыскерлер тұрып жатқан 30 орында бір уақытта тінту жүргізген еді.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808640-aktauda-kstik-krylymdar-stagan-kylmystyk-topty-segiz-msesi-kamauga-alyndy/

pixel