RU
Ақтөбеде мүгедек ару екі күн бойы нәр татпай үйінде қамалып қалған

Ақтөбеде мүгедек ару екі күн бойы нәр татпай үйінде қамалып қалған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде еріктілер екі күн бойы нәр татпай үйінде қамалып қалған мүгедек жанды ажалдан арашалап қалды. Олар қараусыз қалған қызды арнайы интернатқа тапсыруды талап етіп отыр деп хабарлайды Астана арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

31 жастағы Айнұр Есенова бірінші топ мүгедегі. Екі күннен бері үйде жалғыз қалып қойып, сол уақытта нәр татпаған. Еріктілер есікті аша алмаған соң төтенше жағдайлар қызметі мен полицияны шақыртып, пәтерге терезеден кірген.

"Есінеп отырды. Көршісін де танымай қалды. Есін жиып су ішкен соң ғана таныды. Үйі нашар мусор шығарылмай тұр. Иіс тұр. Өзіңіз түсінесіз ғой енді. Қатты әлсіреп қалған. Біз су бердік. Тамақ беруге қорықтық", - дейді ерікті Нұргүл Сыдықова.

Айнұр осыдан алты жыл бұрын төртінші қабаттан құлап, қос аяғы жансызданып, қозғалыссыз қалған.

31 жастағы ару әкесімен бірге жатақханада тұрады. Қамқоршысының вахталық қызметте жұмыс істейтінін білген еріктілер мүгедек жанның жағдайын білуге келген екен.

"Постельный режим дейді ғой сондай жағдайда келді. Жалпы әлсіздік науқаста. Қан қысымы жүзге дейін төмендеген. Жағдайы тежелген. Тамақтанбағаннан да болуы мүмкін. Обезвоживание дейді ғой науқас сондай болып келді", - дейді Ақтөбе қалалық темір жол ауруханасының хирургы.

Қазіргі уақытта дәрігерлер аруды толық тексерістен өткізіп жатыр. Еріктілердің сөзінше, оны арнайы емдеу мекемесіне жатқызу қажет.

Алайда Айнұр есепте тұрған емхана мамандары ол үшін әкесінің рұқсаты керек екенін айтуда.

"Интернатқа әкесінің тарапынан арыз болу керек. Менің баламды интернатқа өткіземін деген. Бірінші сот экспертиза сараптамасы арқылы дееспособность не дееспобность соны өткізгеннен кейін өз іс-әрекетіне қабілетсіз деген қағаздан кейін ғана оны интернатқа кезекке қояды. Қазір интернатқа көп адам тұр. 175 адам бар одан да көп болмаса. Уақыты келгенде барып жатады", - дейді №1 Ақтөбе қалалық емханасының дәрігер психиатры Сәния Мусиева.

Ал Айнұрдың қамқоршысы болғандықтан оған әлеуметтік қызметкер бөлінбейтін көрінеді.

"Соц работник бөлінбейді. Мына жерде показание бойынша жеке оңалту бағдарламасында соц работник жазылмаған. Тек қана МСО медико социальная учереждание. Значит олар имеет полное права ее сдать в интернат. Поставит на учет", - дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орныбасары Гүлмира Сүлейменова.

Телеарнаның мәліметінше, бойжеткеннің қамқоршымен хабарласудың сәті түспеген. Оның телефоны сөндірулі екен.

Ал Айнұрдың айтуынша, әкесі оны туыстарына тапсырып кеткен. Дегенмен құқық қорғаушылар әкесіне қатысты тексеру жүретінін хабарлады. Қызына дұрыс қармайтыны анықталса, жауапкершілікке тартылмақ.

Бақыт Рахметова

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel