Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл жерде кім басшы?": Зеленский депутаттарға шүйлікті

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Фото: news24-7.ru: UGC

Украина президенті Черкасс облысына іс-сапармен келген болатын. Владимир Зеленский депутаттармен кездесуге неліктен қалағандардың барлығы кіре алмайтынын айтып, шамданды. Сондай-ақ ол облыстардағы жолдардың жағдайын сөз етіп, шенеуніктердің жұмысын сынға алды деп хабарлайды 112.uа-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мемлекет басшысы депутаттармен амандасып, кездесуді бастамақ болғанда басқаларға залға кіру қиындық туғызған.

"Бұл жерге біреулерді қандай тәсілмен іріктеп жатыр? Біреуді өткізіп, біреуді өткізбейді? Айтыңызшы, бұл жерде кім басшы?", - деді Зеленский.

Сондай-ақ, президент прокурордың жемқор екенін айтқан облыстық кеңестің депутаты Михаил Мушиектың сөзіне жауап берді.

"Ал сіз жай прокурордың жемқор екенінен бастадыңыз ба? Бұл әр облыс үшін жаңалық емес", - деп мәлімдеді Зеленский.

Ол сондай-ақ жергілікті депутатқа прокурордың парақорлығына қатысты куәгер ретінде жүгінетінін айтты.

"Сіз облыстық кеңестің депутатысыз ғой? Облыстарда жолдарыңыз мүлде жоқ қой! Қараңыз, қазір алай-дүлей болып, осылай бір-бірімізбен пинг-понг ойнармыз. Сол кезде жеңіс сізге бұйырмайды, неге? Себебі сіз қызметте 4 жыл, ал мен 60 күн отырмын", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808645-bl-zerde-kim-bassy-zelenskij-deputattarga-sjlikti/

pixel