RU
БАҚ Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болғанын хабарлады

БАҚ Усама бен Ладеннің ұлы қайтыс болғанын хабарлады

Рассказать Вконтакте

АҚШ "Аль-Каида" террористік ұйымының негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза бен Ладеннің өлімі туралы ақпарат алды деп хабарлайды NBC арнасына сілтеме жасаған Риа Новости.

Фото: Twitter/Rewards4Justice

Фото: Twitter/Rewards4Justice

Әзірге америкалық шенеуніктер оның өліміне АҚШ-тың қатысы бар-жоқтығы туралы мәлімет бермеді.

Бұған дейін АҚШ Хамза бен Ладен туралы ақпарат берген адамға бір миллион доллар сыйақы беретінін мәлімдеген. Оған АҚШ санкциялары да қарсы қолданылған.

Мемлекеттік департаменттің ақпаратынша, ол 2015 жылдың тамызынан бері "Аль-Каида" қатарына ресми түрде қосылған. Сонымен қатар, Батыс елдері астаналарына қарсы шабуылға шығуға, соның ішінде "АҚШ пен америкалықтардан кек алуға" шақырумен айналысқан.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Дипломатиялық қауіпсіздік бюросының басшысы Майкл Эванофф биыл көктемде Хамза бен Ладен Ауғанстан, Пәкістан немесе Иран шекараларында жасырынуы мүмкін деп хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel