Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18 жастағы аруға ұқсаған 80-жылдардың танымал актрисасы көпшілікті таңғалдырды

Опубликовано:

Қытайлық Чингми Яу жастық шағында кең танымалдыққа ие болған. Мүсіні келісті әйел адам 80-жылдан бері елдегі ең тартымды актриса атағын сақтап келген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Чингми Яу көпшілікке "Городской охотник" және "Легенда о Красном драконе" фильмдеріне арқылы жақсы таныс. Актриса бұл киноларда басты рөлдердің бірін сомдаған.

Келбеті келіскен актриса Қытайдағы әрбір экранның бетінде жарқырап тұрды. Ал 1999 жылы Чингми тұрмысқа шығып, бар өмірін отбасына арнау үшін мансабымен қош айтысқан.

Фото: baskino.me
Фото: baskino.me: UGC

Актриса көпшілік алдына шыға беруден бас тартатын. Тек араға 20 жыл салғаннан кейін Чингми жанкүйерлерімен қайта жүздесуге дайын болды.

2017 жылы фотографтар актрисаны 18 жастағы қызы Шам Юэтпен бірге суретке түсіріп алған. Алайда ол сурет тек биыл әлеуметтік желіге тарап кетті.

О баста ол "қытайлық Twitter" - Weibo желісіне, содан кейін барлық ғаламторға тарай бастады.

Тек актрисаның шынайы жанкүйерлері суретте кімнің қызы, ал кімнің анасы екенін бірден аңғара алды.

"Бірнеше онжылдықта қалайша қартаймай қалған?", "Олар бірге тұрған кезде құрдас көрінеді. Анасы мен қызы деп тіпті ойламайсың", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808654-18-zastagy-aruga-ksagan-80-zyldardy-tanymal-aktrisasy-kpsilikti-tagaldyrdy/

pixel