RU

ТЖД алматылықтарды сабыр сақтауға шақырды

Бүгін Алматыда, 1 тамыз күні ескерту жүйесінің техникалық тексерісі өтеді. Осы орайда ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырады деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: obmarks.ru
Фото: obmarks.ru: Facebook
"Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 2019 жылғы 1 тамызда жергілікті уақытпен 12 сағат 55 минутта құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексереді.
Тексеру электр дабылдарын қосу арқылы "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын беріп, "Азаматтық қорғаудың медиа-серверімен" теле және радио тарату арналарын автоматты түрде қамтумен бір уақытта халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығын тексеру жүргізіліп жатқандағы туралы хабар беру қарастырылуда", - делінген баспасөз хабарламасында.

Мекеменің мәліметінше мұндай шара әр айдың бірінші бейсенбісінде өтетін болады. Егер мерекелік күнге сәйкес келген жағдайда кейінгі бейсенбіге калдырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808666-tzd-almatylyktardy-sabyr-saktauga-sakyrdy.html