RU
ФИФА The Best номинациясына үміткер 10 атақты футболшының тізімін ұсынды
Жаңалықтар Спорт

ФИФА The Best номинациясына үміткер 10 атақты футболшының тізімін ұсынды

Рассказать Вконтакте

ФИФА The Best премиясына үміткер 10 танымал футболшының тізімін жариялады. Алайда олардың қатарында футбол жұлдызы, "ПСЖ" шабуылшысы Неймар жоқ деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марапатқа үміткерлердің тізімі:

  1. Криштиану Роналду ("Ювентус"),
  2. Френки де Йонг ("Барселона"),
  3. Маттейс де Лигт ("Ювентус"),
  4. Эден Азарт ("Реал"),
  5. Харри Кейн ("Тоттенхэм"),
  6. Садио Мане ("Ливерпуль"),
  7. Килиан Мбаппе ("ПСЖ"),
  8. Лионель Месси ("Барселона),
  9. Мохамед Салах ("Ливерпуль"),
  10. Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль").

Айта кетейік, үздіктерді анықтау кезінде футболшылардың 2018 жылдың 16 шілдесі мен 2019 жылдың 19 шілде аралығындағы ойыны ескеріледі.

Дауыс беруге сарапшылар, спорт журналистері, жаттықтырушылар пен құраманың капитандары, сондай-ақ, желі қолданушылары қатысатын болады.

Марапат 23 қыркүйек күні Милан қаласында табысталады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel