RU
Батыр Жүкембаев "Канеломен" екі рет кездескен бұрынғы әлем чемпионына қарсы тұрмақ

Батыр Жүкембаев "Канеломен" екі рет кездескен бұрынғы әлем чемпионына қарсы тұрмақ

Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой бокста бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өткізеді. Оның қарсыласы бұрынғы әлем чемпионы Мигель Васкес болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Менің келесі жекпе-жегім 26 қыркүйекте болады. Экс-чемпионмен өтетін айқас - мен үшін үлкен сынақ! Алла қаласа әлем чемпионы атану дейтін ұлы мақсатыма бір табан жақындай түсемін. Қазақ елінің намысы маған күш-қуат сыйлайды! Қолдауларыңызға рахмет!" , - деді Жүкембаев.

Боксшының сөзінше, қарсыласы Мигель Васкес IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған.

Жүкембаев 49 кездесуге шығып, соның 41-ін жеңіспен аяқтаған спортшымен жұдырықтасу қиын екенін жасырмады.

Ол қарсыласының мексикалық Сауль Альвареспен екі рет жекпе-жекке шыққанын да атап өтті.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев кәсіпкой бокста 16 кездесуге шығып, барлығында жеңіске жеткен. Боксшы 13 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған.

Сондай-ақ, жеңіліп көрмеген спортшы 14 шілде күні шаңырақ көтерді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel