RU
"Тальгодағы" зорлық: Мыңбаев бас прокурорға өтініш хатын жолдады

"Тальгодағы" зорлық: Мыңбаев бас прокурорға өтініш хатын жолдады

Рассказать Вконтакте

"ҚТЖ" "ҰҚ"АҚ басқарма басшысы Сауат Мыңбаев бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жолаушыны зорлаған жолсеріктерге қатаң жаза тағайындау туралы өтініш жасады деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: ortcom.kz

Фото: ortcom.kz

Редакция жариялаған хатта Мыңбаев баспрокурорға өтініш жасаған.

Ол өткен жылдың 26 қыркүйегінде елордадан Ақтөбеге бағытталған "Тальго" пойызының жолаушысын зорлаған жолсеріктерге қатысты жазаны ауырлатуды сұрады.

"Ж. Үмбеталиев пен К. Құрманиязовқа жасаған қылмыстарының ауырлығына сай жаза тағайындауды сұраймыз", - делінген хатта.

Хатта, сондай-ақ, ҚТЖ басшылығы мен қызметкерлерінің бұрынғы әріптестерін айыптағаны жайлы айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, жолаушыға зорлық іс-әрекетін көрсеткен жолсеріктердің әрқайсысы 2,5 жылды арқалады.

Атап өтсек, бұған дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов компания атынан жантүршігерлік оқиға үшін кешірім сұраған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

Дереккөз: bnews.kz

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel