Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың кеңесшісі "Тальгодағы" зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Мақсат Сқақов "Тальго" пойызында зорланған жолаушының ісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Tumba.kz
Фото: Tumba.kz: UGC

Сқақов сотталған жолсеріктердің жазасын ауырлату қажеттігін айтып, жазаның бабын қатаңдату керектігін мәлімдеген.

"Бұл қазақтардың ең қасиетті игілігі. Мұнсыз болмайды. Бұл үшін жазаны ауырлатса, халық та тыныш болады. Ең алдымен қыздарды қорғау қажет", - деп түсіндірді ол елордадағы отбасылар Форумы барысында.

Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі бұл сұрақтың егжей-тегжейлі қарастырылатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 26 қыкүйегінде жолаушыны зорлаған "Тальго" пойызының жолсеріктерін сот 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Аталған факті қазақстандықтардың ашуын шақырды.

Қоғамдық ұйымдар жәбірлеушілерге қатысты ауыр жазаны талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1808724-tokaevty-keessisi-talgodagy-zorlau-okigasyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel