RU
"Охотзоопромның" зардап шеккен инспекторы ауруханадан шықты

"Охотзоопромның" зардап шеккен инспекторы ауруханадан шықты

Рассказать Вконтакте

Шілденің соңында браконьерлер шабуылына тап болып, зардап шеккен "Охотзоопром" қорықшысы Самат Оспанов бірінші тамыз күні ауруханадан шықты деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Самат Оспанов. Фото: Sputnik / Меруерт Алимова

Самат Оспанов. Фото: Sputnik / Меруерт Алимова

Аурухана өкілдері инспектордың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ екенін жеткізді. Ол қанағаттандырарлық жағдайда ауруханадан шығарылып, енді ары қарай емді үйінен қабылдайтын болды.

Оспановтар отбасы көрсетілген көмек үшін дәрігерлерге алғыс айтты.

Айта кетейік, 23 шілде күні "Охотзоопромның" екі қорықшысы браконьерлерді ұстамақ болған кезде зардап шекті. Атыс нәтижесінде бір инспектор Қаныш Нұртазинов қаза тапты.

Ақмолалық полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар екі күдіктіні тұтқындады.

Өткен аптада Самат Оспановқа ІІ дәрежелі "Айбын" орденін табыстады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel