RU

Танымал журналист Жүнісбек Сұлтанмұратов өмірден өтті

Қазақстандық танымал журналист Жүнісбек Сұлтанмұратов 67 жасында өмірден өтті деп жазады КазТАГ-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото:styler.rbc.ua
Фото:styler.rbc.ua: Instagram

Агенттіктің мәліметінше, оның өліміне ұзаққа созылған дерті себеп болған.

Жүнісбек Сұлтанмұратов Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасы журналистика академиясының академигі болып сайланған. Түрлі мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Сұлтанмұратов Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Ал еңбек жолын "Социалистік Қазақстан" газетінен бастайды.

Кейінгі жылдары ол ел президентінің баспасөз қызметінде кеңесші болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, премьер-министрдің баспасөз қызметін басқарды, үкімет басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Ал соңғы жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігінің өкілі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1808746-tanymal-zurnalist-znisbek-sltanmratov-mirden-tti.html