RU
Өзбекстан премьер-министрі "Өшпес махаббат" телехикаясына екінші рет шектеу қойды

Өзбекстан премьер-министрі "Өшпес махаббат" телехикаясына екінші рет шектеу қойды

Рассказать Вконтакте

27 шілдеден бастап Өзбекстанның "Zo'R TV" телеарнасынан көрсетілімін бастаған "Өшпес махаббат" ("Kara sevda") түрік сериалына үш күннен соң тыйым салынды деп хабарлайды Сentralasaian.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com Kara-Sevda

Фото: facebook.com Kara-Sevda

Осыған дейін 2018 жылдың 14-ақпанында премьер-министр Абдулла Арипов "Өшпес махаббат" телехикаясын сынаған соң екі күннен кейін эфирден алынып тасталған-ды.

Биыл телехикаяны эфирге қайта берген "Zo'R TV" телеарнасының өкілі, бағдарламалар продюсерінің сөзінше, "Өшпес махаббат" телехикаясы діни аудиторияның өтініші бойынша эфирден алынған.

"Тасты тек жемісті ағаштарға лақтырады. Тас жеміс ағашына лақтырылды. Telegram және басқа да әлеуметтік желілер арқылы қол жинаған "адамгершілікті сақтаушылар" (президент сайтына - ред.) порталға жүгініп, ақыры телехикаяны тоқтатты. Бұл телехикая адамдар арасында өте танымал әрі сүйікті еді. Алайда, аздаған фанатиктердің қалауы көптеген адамдардың сұранысынан асып түсті...", - деді телеарна қызметкері.

Телехикаяны тоқтату туралы талапты 30 шілде күні Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов қойған болатын.

"Бізде премьер-министрдің сөзі мен шешімдерін көк тиын құрлы көрмейтін бір-екі шенеунік бар. Олар ойларына келгенін істейді. Менің кімді айтып тұрғанымды білесіздер. Ұятсыз түрік сериалы тағы да көрсетілді. Бүгін дереу оны эфирден алып тастаңыздар! Бұл не? Жарайды, сіздерге билік пен премьер-министрдің сөзінің маңызы жоқ екен. Ал адамдардың ойлары ше? Осы телехикаяға қаншама наразы адамдар болды. Осы туралы ойладыңыздар ма?!", - деді Абдулла Арипов

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel