RU
"Шашым ағарып": Динара Сұлтан бала тәрбиесі туралы жан сырымен бөлісті

"Шашым ағарып": Динара Сұлтан бала тәрбиесі туралы жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Бүгінгі таңда бес баланың анасы атанып үлгерген Динара Сұлтан ұл-қыздарының тезірек ер жетуін асыға күтіп жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайында көп балалы әнші Instagram парақшасында жазба жариялады.

"Осы балаларым өскенше менің шашым ағарып, нервтен нерв қалмай, қартайып бітетін шығармын деп, отырып алып күлемін. Осының бәрі уақытша ғой. Өседі, өнеді, естері кіреді, Алла қаласа!
Қасымда жүрген таныстарым кейде "Сен қашан өзің үшін өмір сүресің" деп сұраған кезде не айтарымды білмей қаламын. "Келе жатқан мақсат осы емес пе" деп ойланып қаламын", - деп жазды өнер иесі.

Естеріңізге сала кетейік, Динара Сұлтан бес баласының әкесімен үйлену тойын арада он жыл өткенде жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel