Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың аяқ киімі қанша тұратыны белгілі болды

Опубликовано:

Президент қазақстандық кәсіпкерден өзіне аяқ киім сатып алды. Мемлекет басшысының жаңа туфлиінің бағасын Tengrinews.kz порталы анықтап көрді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев сатып алған аяқ киім. Фото: facebook.com/shoes.republic.kazakhstan
Тоқаев сатып алған аяқ киім. Фото: facebook.com/shoes.republic.kazakhstan: UGC

Анықталғандай, бұл аяқ киімді жасап шығарған фабрика Алматы қаласында орналасқан.

Басқарушы директор Дәурен Раманқұлдың сөзінше, БАҚ-та олардың компаниясы туралы мақалалар шыққан соң онымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы хабарласқан.

Президент қоңыр түсті аяқ киімді таңдаған. Мемлекет басшысына туфли пошта арқылы жіберілген.

«Бағасы- 21 мың теңге. Аяқ киімнің өлшемі - 43. Біздің аяқ киім таза былғарыдан" , - деді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808771-tokaevti-aak-kiimi-kansa-tratyny-belgili-boldy/

pixel