RU
Қайрат Нұртас пен Ержан Максим елордада тегін концерт береді

Қайрат Нұртас пен Ержан Максим елордада тегін концерт береді

Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші Қайрат Нұртас пен Максим Ержан Нұр-Сұлтанда тегін концерт береді деп хабарлайды EXPO сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ондағы мәлімет бойынша жазғы концерт 3 тамыз күні сағат 20.00-де EXPO сахнасында өтпек. Оған Ержан Максим, Қайрат Нұртас және Mad Men топтары қатысады деп күтіліп отыр.

"Голос. Дети" байқауының финалисі Ержан Максим бәріне кеңінен танымал әндерді орындамақ.

Айта кетерлігі, жақында ғана оның "Евровидение" халықаралық балалар байқауында Қазақстан намысын қорғайтынын белгілі болды.

Ал Қайрат Нұртас өзінің бұрынғы және жаңа әндерін орыдамақ.

"Табынушылар тегін ән кешінің куәсі болады. Ескі және жаңа әндерді тыңдауға келіңіздер, осы әдемі кештен ляззат алыңыздар", - деп жазылған EXPO-ның ресми сайтында.

Ал тағы бір аптадан кейін, 10 тамыз күні тура сол сахнада Нұржан Керменбаев пен Ерке Есмахан ән салады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel