Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зарина Омарованың танымал әнін танымал ақын сынап тастады

Опубликовано:

Елімізге белгілі ақын Мырзан Кенжебай Зарина Омарованың "Жан гүлім" атты әнін қатаң сынға алды. "Беу" бағдарламасында ақын әнші туындысының сөздерінде кеткен қателерді айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Омарова, Мырзан Кенжебай. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Зарина Омарова, Мырзан Кенжебай. Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Мырзан Кенжебай әннің сөзін сынай отырып, бірнеше мысалдар келтірген.

"Цин Цзы "Әннің сөзінде ақыл-ой, парасаттылық, ойшылдылық болса, ол халықтың келешегі зор. Ал егер әннің сөзі адамның делебесін қоздыратын, мағынасыз болса, ол халықтың келешегі жоқ. Ол халықта кісілік, ұлттық намыс деген болмайды. Ондай халық ішкен-жегеніне мәз болады" дейді. Мен осыдан қорқамын. Серік Тұрғынбеков ағамызды жақсы білемін. Әндерінің ішінде іліп аларлығы осы "Жан гүлім".
Шындықтың бетіне тура қарайтын болсақ, бұл ән жұлдыздарға арналған ба, әле қызға немесе Құдайға арналғанын түсінбей отырмын. Әуелі "Жұлдыздай жарқыраған аспанымда" дейді. Бір кезде "Қайда жан гүлім" дейді. Енді бірде "Құдайым енді бізді айырмашы. Махаббат бар екенін мойындашы" дейді. Міне мақтап жатқан өлеңіміз. Бұл не?", - деді Мырзан Кенжебай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808792-belgili-akyn-zarina-omarovany-tanymal-nin-synap-tastady/

pixel