Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда психологқа шабуыл жасаған күдікті бостандықта жүр

Опубликовано:

Алматыда белгілі әйелдер психологы Светлана Божконы соғып кеткен күдікті әлі күнге дейін бостандықта жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Психологқа шабуыл жасаған күдікті 28 жастағы ер адам болып шықты. Ол әлі күнге дейін еркіндікте жүр.

Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда бірқатар сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оның нәтижелері бойынша, сотқа дейінгі кезеңге күдіктіге қатысты шаралар белгіленетін болады.

Айта кетейік, күні кеше Алматыда жантүршігерлік оқиға орын алды. Ер адам танымал дәрігер Светлана Божкоға үйінің жанында шабуыл жасады. Әйел адам көптеген жарақат алды.

Психологтың құрбысының айтуынша, зәбір көрсеткен ер адам оның мұрнының "түгін қалдырмаған".

Светлана Божконың жақын досының айтуынша, іс "бұзақылық" бабы бойынша тіркелген. Ал күдікті осыған дейін дәл осындай әрекеті үшін сотталса да, оны әлі күнге дейін тұтқындамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808794-almatyda-psihologka-sabuyl-zasagan-kdikti-bostandykta-zr/

pixel