Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқыс оқиғадан кейін сал болып қалған әйгілі Шумахер қазір қандай күйде?

Опубликовано:

2013 жылы тауда шаңғы тебу кезінде басын қатты жарақаттап, сал болып қалған "Формула 1" жарысының аңыз спортшысы Михаэль Шумахердің қазіргі жағдайы белгілі болды. Бұл туралы даңқты автошабандоздың бұрынғы менеджері айтып берді деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Михаэль Шумахер мен Жан Тодт. Фото: Mirror
Михаэль Шумахер мен Жан Тодт. Фото: Mirror: Instagram

"Феррари" компаниясының бұрынғы спорттық директоры Жан Тодт әйгілі спортшының денсаулығы жөнінде пікір білдірді. Шумахердің бұрынғы бастығы үнемі оның үйіне барып, автошабандоздың қалын біліп тұрады екен.

Жан Тодт өзінің Шумахермен соңғы кездесуі қалай өткені жөнінде мәліметпен бөлісті.

"Мен бұл мәлімдемелерді байқап жасауым керек. Бірақ, ақиқат мынадай: осы барғанымда Михаэль екеуміз жарысты бірге көрдік. Оның күтімі жақсы, оған білікті мамандар қарап жатыр. Шумахер берілмейді, ол күресін жалғастырып жатыр" , - деді ол Mirror басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, немістің танымал спортшысы 2013 жылы тауда шаңғы теуіп жүріп құлап, сал болып қалған. Ол басын тасқа қатты соғып алды. Оқыс оқиғадан кейін Шумахер ел алдына шықпады.

2014 жылы Михаэль жасанды коммадан шықты. Спортшы "Формула 1" жарысының жеті дүркін чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1808822-okys-okigadan-kejin-sal-bolyp-kalgan-jgili-sumaher-kazir-kandaj-kjde/

pixel