RU
Өзбекстанда рэп әндер бақылауға алынбақ

Өзбекстанда рэп әндер бақылауға алынбақ

Рассказать Вконтакте

"Өзбекконцерт" директоры Одил Абдукахоров жергілікті журналистерге берген сұхбатында елде рэп әндерді бақылау қолға алынатынын айтқан деп хабарлайды ca-news.org-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Біз рэпке анағұрлым тыйым салған сайын ол бұрынғыдан да танымал бола түсті. Рэперлер өз әндеріне балағат сөздерді қоса бастады. Оның бәрі кезінде осы салаға ден қойылмағандықтан", - деді ол.

Айта кетерлігі, елде 2017 жылдан баста "Өзбекконцерт" мақұлдамаған әндерді орындауға және оны теледидар, әлеуметтік желілерде бөлісуге тыйым салынған.

Ал мемлекеттік лицензиясыз концерт беруге және ТВ, радиода ән шырқауға болмайды. Ел билігі мұның бәрі Өзбекстанның шоу бизнесін сапалы ете түседі дейді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel