Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Караокедегі шу: Алматы прокуратурасы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Алматы прокуратурасы қаладағы караокелердің бірінде өзін құзырлы органның қызметкері ретінде таныстырған адамның қатысуымен орын алған оқиға жайлы пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: PxHere
Көрнекі сурет: PxHerе: Twitter

Ведомство өкілдері караоке-барда шу шығарған азамат прокуратура қызметкері екенін жоққа шығарды.

Қазіргі таңда оңтүстік астананың полицейлері құқық бұзушының кім екенін анықтап жатыр. Ер адам міндетті түрде жазаланбақ.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та алматылық караоке-барлардың бірінде түсірілген видео тарап кетті. Бейнежазбада азамат пен әйел адам ойын-сауық мекемесінің әкімшілігімен ұрысып жатқан. Жұп дастархан шотын төлеуден бас тартқан.

Оның үстіне, жас жігіт өзін прокуратура қызметкері ретінде таныстырған. Ол бейәдеп сөздер айтып, бар қызметкерлеріне түрлі зат лақтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808846-karaokedegi-su-almaty-prokuraturasy-okigaga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel