Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал психологқа шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Алматыда белгілі психолог Светлана Божкоға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко / Диана Снегина
Светлана Божко. Фото: Facebook/Светлана Божко / Диана Снегина: Facebook

Құзырлы органның мәліметінше, күдіктігі қатысты "қару қолдану арқылы бұзақылық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлердің ақпаратынша, 28 жастағы күдікті анықталып, шабуылдан кейін бірнеше сағаттан кейін ұсталған.

Ал жәбірленуші өзіне зәбір көрсеткен адамды таныған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

"Ұсталған Қылмыстық кодекстің 128 бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Күдікті сот санкциясына жақын арада ұсынылатын болады", - деп хабардар етті Полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда белгісіз адамның кастетпен танымал дәрігер Светлана Божкоға өз үйінің маңында шабуыл жасалғаны хабарланған.

Әйел адам көптеген жарақттар алған. Психологтың құрбысының айтуынша, зәбір көрсеткен ер адам оның мұрнының "түгін қалдырмаған".

Сонымен қатар Светлананың танысы істің "бұзақылық" бабы бойынша қозғалғанына және күдіктінің бұрын сотталғанына қарамастан әлі тұтқындалмағанына шамданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808858-almatyda-tanymal-psihologka-sabyl-zasagan-kdikti-staldy/

pixel