RU
Қазақстандық шенеуніктерге импорттық жиһаз, киім сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандық шенеуніктерге импорттық жиһаз, киім сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік органдарға шет елден керек-жарақ пен жиһаз сатып алуға тыйым салатын үкімет қаулысы бір айдан соң күшіне енуі мүмкін. Құжат күні кеше қоғамдық талқылауға шығарылды деп хабарлайды Астана арнасы.

Көрнекі фото: hightech.fm

Көрнекі фото: hightech.fm

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары Бақытжан Cапиевтің сөзінше, қаулы жобасына енген тауар тізімінде: Киім-кешек яғни арнайы жұмысқа киетін киімдер, төсек-орын жабдықтары, асхана жарақтары, аяқ киім, кеңсеге қажетті ағаш және метал жиһаздар. Ал құрылыстан портландцемент бар.

Басылымының мәліметінше, осылайша еліміздегі киім тігу, жиһаз құрастыру және құрылыс сияқты үш салаға серпін беру көзделіп отыр.

Жауапты министрлік өкілдерінің дерегінше, мемлекеттік органдар жылына осы үш саладан 25 млрд теңгеге тауар сатып алады екен.

Айта кетейік, жиһаз өндірісінде бізге Беларусь, Ресей мен Қытай басты бәскелес болса, киім-кешек, текстильде Қытай мен Түркия.

Ал цемент көбіне Ираннан импортталады.

Еске сала кетейік, бұған дейін үкімет мемлекеттік қызметкерлерге шетелден импорттық көлік сатып алуға тыйым салатын қаулыны бекіткен болатын.

М. Дюсекина

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel