Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жүрген армян нөмірлі көліктер түгел рәсімделмек

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жүрген армян нөмірлі көліктерді түгел рәсімдеу жайлы бастама көтеріп отыр. Министрліктегілердің айтуынша, өйткені сол жақтан көлік айдап әкеліп, еш жерде салық төлемейтіндер көбейген деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Мәселен, Қазақстан азаматы Арменияға барып уақытша тіркеуге тұрады да, көлік сатып алады. Ол көлігін сол Арменияда тіркеуге қояды. Сосын оны Қазақстанға әкеліп, осында мініп жүре береді. Ақырында не Арменияда, не Қазақстанда салық төлемейді.

Ресми мәлімет бойынша, биылдың өзінде АҚШ-тан Арменияға 60 мыңдай жеңіл көлік әкелінген. Жап-жаңа болмаса да бағасы біздің елде шығарылатын көліктерден екі есе арзан.

Министрлік енді жүргізушілердің бұл қулығын шектегісі келеді.

"Егер жұрт сол жақтан көлік сатып алғысы келсе, мархабат, біз қарсы емеспіз. Тек заңдастырсын. Транзиттік нөмірмен әкелудің қажеті жоқ. Одан да осында әкеліп, заңға сай тіркеуге қойып, сосын емін-еркін айдап жүре берсін", - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1808865-elimizde-zrgen-arman-nmirli-klikter-tgel-rsimdelmek/

pixel