Выйти
RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, жел күшейеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін, 2 тамыз күні ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Тек кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Сондай-ақ, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, жел күшейеді

Көрнекі фото: www.aif.ru

Ақмола облысында дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, түнде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе түнде және таңертең Қызылорда, Атырау, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ауа райы: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, жел күшейеді