Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автогол, тең есеп: "Қайрат" Еуропа Лигасынан ұшып кетті

Опубликовано:

Алматылық "Қайрат" Еуропа Лигасының келесі кезеңіне өте алмай қалды. Оңтүстік астананың орталық стадионында өткен жауапты кездесуде қазақстандықтар израилдік "Хапоэль" командасын қабылдады деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: Twitter

Екі клуб арасындағы бірінші матч 2:0 есебімен израилдік команданың жеңісімен аяқталған еді.

Бұл жолы алматылықтар қарсыласына ойынның бірінші минуттарынан бастап-ақ қысым көрсетті. Раде Дугалич кездесудің бірінші жартысының соңында израилдіктердің қақпасына гол соқты.

Үзілістен соң жанкүйерлер қонақтарға тағы бір мәрте гол соғылады деген үмітте болды. Алайда, алматылық футболшылар қолдаушыларын қуанта алмады.

Елдос Ахметов екінші сары қағазын алған соң, алаңнан қуылды.

Одан кейін Дугалич өз қақпасына автогол салды.

Қайраттықтар екінші голды соғуға қатты тырысты. Алайда, ойлағандары іске аспады.

Екі матч нәтижесі бойынша "Хапоэль" келесі кезеңге жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1808878-avtogol-te-esep-kajrat-europa-ligasynan-syp-ketti/

pixel