RU
Британдық азамат Қазақстанның авиациялық әкімшілігін басқарады
Жаңалықтар Қоғам

Британдық азамат Қазақстанның авиациялық әкімшілігін басқарады

Рассказать Вконтакте

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ын Питер Гриффитс есімді британдық азамат басқарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Питер Гриффитс. Фото: ААК баспасөз қызметі

Питер Гриффитс. Фото: ААК баспасөз қызметі

ААК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Питер Гриффитстің азаматтық авиация саласындағы тәжірибесі аса мол.

Нақтырақ айтсақ, ол Ұлыбританияның көліктік министрлігіне қарасты азаматтық авиация департаментінің басшысы қызметін атқарған. Оған қоса, Гриффитс азаматтық авиация бойынша британдық мемлекеттік агенттіктің жұмысын жүргізген.

Сонымен қатар, ол EasyJet Luton әуе компаниясында ұшу мен авиациялық қауіпсіздік директоры болған.

Питер Гриффитс әуе көлігі ассоциациясының еуропалық өңірінің вице-президенті қызметінде болды. Маман азаматтық авиацияның түрлі коммерциялық ұйымдарын басқарды.

Анықталғандай, Гриффитс басқарған ведомство техникалық аваицаиялық бақылау мен ұшу қауіпсіздігін қадағалайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel