RU
Алматыда "жоқ пәтерді" жалға берген жігіт ұсталды

Алматыда "жоқ пәтерді" жалға берген жігіт ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда "жоқ" пәтерді жалға беріп келген ер адам ұсталды деп хабарлайды Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Ұсталған азамат 25 жаста.

Полицияның ақпаратынша, ер адам ресейлік сайттардан элиталы үйлердің суреттерін тауып, оны отандық сайттарға жалға берілетін үй ретінде орналастырған.

Полиция суреттер мен арзан бағаға алданған адамдардың саны 80-ге жетуі мүмкін дейді. Алаяқ алдымен Саяхат ауданында жұмыс жасаған, кейінірек Әуезов ауданына ауысқан.

Ер адам клиенттермен тікелей байланысқа түспеген, олардан ұялы телефонынының балансын толтыруды өтінген.

Ақшаны алғанын растау үшін жалға алушыларға чек жіберіп отырған.

Ұсталған азамат ақшаны алған соң, sim-karta-ны жойып отырған.

"Осы сияқты қылмыстың құрбаны болғандардан Алматы қаласы Полиция департаментіне немесе Әуезов ауданыдық полиция бөлімшесіне келуін өтінеміз", - деді полиция.

Қазір ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған қарсы "Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен алаяқтық жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel